
Павлодарда інісі ағасын пышақтап өлтірді. Жанжалға оның мас күйде болуы себеп болған. Ағасы оған жұмыс істемейсің - деп ұрысса керек. Сөз көтере алмаған ол асхана пышағын ағасының жүрек тұсына сұғып алған. Марқұм сол жерде көз жұмды. Сұмдық оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Сот оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.