Алматының қақ ортасында жер жарылып, ішек-шабағы сыртқа ақтарылды. Асфальттың астында бірдеңе гүрс етіп, жол үстінде тұрған ауыр көліктің өзін ұшырып жіберген. Ол кезде джиптің ішінде екі адам отырған екен. Оқиға орнына дереу жеткен тілшіміз мән-жайды анықтап, адамдардың амандығына көз жеткізбек болды.