Сұм ажал судан келіп жатыр. Ескертуді елемей батып кеткендердің саны күн санап көбейіп келеді. Жаз шыққалы республика бойынша 56 адам суға батып бақилық болған. Оның 23-і бала. Бұл бір-ақ айдың ішінде болған өлім-жітім. Алда әлі шомылу маусымының неше айы барын ойлай беріңіз.