Жаңа ереже: Жалақыдан айырылу қаупі кімдерге төніп тұр? Жұртты шошытқан не?

Просмотров: 39, 416   |   Загружено: 3 мес.
icon
Ozekti Media
icon
657
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Салықтық жеңілдектер қалу керек пе, жоқ па? Ең төменгі жалақыны өсіру қажет деп ойлайсыз ба? Комментарий жазыңыз👇🏻

Көптеген адам жалақысынан айырылуы мүмкін. Сенатқа ұсынылған Салық кодексіндегі түзетулер азаматтардың көпшілігін қарызға батырады. Ал бар гәп мынада. Заң жобасындағы жаңа нормаларға сәйкес, азаматтардың жалақысынан салық ұсталатын тәртіп өзгертілетін көрінеді. Яғни, қазір қолданыстағы білім алу, медициналық қызметтерге төлем, сыйақылар мен көпбалалы отбасыларға берілетін салықтық жеңілдіктер жойылады. Бұрын бұл жеңілдіктер азаматтарға жеке табыс салығын, орысша айтқанда подоходный налогты аз төлеуге мүмкіндік беретін. Соның арқасында тұрғындар жалақының көбірек мөлшерін қолына алып жүр. Енді бұл баптар алынып тасталып, тек стандартты шегерім ғана қалуы мүмкін, ол да 14-тен 30 АЕК дейін ұлғайтылады.

00:00 «Тек стандартты шегерім қалуы мүмкін»: Азаматтардың жалақысынан салық ұсталатын тәртіп қалай өзгермек?
01:09 «Өзгеріс 10 млн жұмыскерге әсер етеді»: Тұрғындар жартыжылдық жалақысын салық органдарына қайтаруға мәжбүр бола ма?
02:00 «Сот істеріне алып келуі ықтимал»: Жұмыстан шығып кеткендер мен қайтыс болған қызметкерлердің жайы не болмақ?
02:21 «Моральдық тұрғыдан дайын болу керек»: Мамандар жұртқа қандай кеңес береді?
02:55 «Қолданыстағы заңнамаға қайшы»: Жаңа ережеге сарапшылар неге қарсы?
03:37 «Мәжіліске тиісті құжат түсті»: Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері өзгере ме?
04:11 «Айлық табыстың жалпы деңгейі ескеріледі»: Конвенция халықтың тұрмысын жақсарта ма?
05:08 «Биылғы көрсеткіш – 85 мың тг»: Ең төменгі жалақының мән-маңызы неде?
05:46 «Халықаралық стандарттан 3 есе аз»: Ең төменгі жалақының мөлшері бүгінде қанша болуы тиіс?
06:44 «Еңбектің әр сағатына $3 ақы төленеді»: Қазақстанда бұл норма сақталып жатыр ма?
07:19 «Есептеудің жаңа әдістемесі 2 көрсеткішке негізделген»: Елде ең төменгі жала¬қыны қанша адам алып жүр?

#жаңалықтар #жалақы #зарплата #зп #салық #налог #салықкодексі #налоговыйкодекс #айлық #табыс #жеңілдік #льготы #налоговыельготы #налоговыевычеты #салықжеңілдігі #тоқаев #токаев


Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -

*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Жаңа ереже: Жалақыдан айырылу қаупі кімдерге төніп тұр? Жұртты шошытқан не? - RusLar.Me