АҚШ-ты әлекке салған алапат дауыл салдарынан кемі 3 тұрғын қаза тапқан

Просмотров: 1, 678   |   Загружено: 1 дн
icon
Информбюро 31
icon
18
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
АҚШ-ты әлекке салған алапат дауыл салдарынан кемі 3 тұрғын қаза тапқан. Тампа қаласының тұрғыны көлігіне жол белгісі құлап қайтыс болған. Сондай-ақ, қатты жел жылжымалы үйді төңкеріп тастаған. Салдарынан тағы екі адамның көз жұмғаны нақтыланып отыр. Ресми деректерге сәйкес, 2 миллионға жуық халық жарықсыз қалған.
Шетелдік басылымдардың дерегінше, 4-ші санатқа жатқызылған жойқын желдің жылдамдығы сағатына 225 шақырымға жеткен. Ал, толқындардың биіктігі 6 метрді құрапты. Леви округіне қарасты Сидар-Ки қаласындағы Ұлттық мұхит қызметінің толқын өлшегіші су деңгейінің орташа толқыннан 2,6 метрге жоғары екенін анықтаған. Сондықтан, су тасқынын тікелей осы фактімен байланыстырып отыр. Әрі апат құрсауындағы штат билігі Флоридадағы 67 округтің 61-інде төтенше жағдай жариялаған. Сәйкесінше, тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшіріліп жатыр. Яғни, жабық ғимараттарда бас сауғалауға мәжбүр. Сонымен қатар, АҚШ билігі Оңтүстік Каролинада да төтенше жағдай жариялауды мақұлдап, «Хелен» дауылына қарсы әрекет ету үшін федералды ресурстарды бөлген.
--------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  АҚШ-ты әлекке салған алапат дауыл салдарынан кемі 3 тұрғын қаза тапқан - RusLar.Me