Семейде автобус жүргізушілері жетіспейді, деп хабарлайды 24KZ. Жастардың жауапты жұмысқа барғысы жоқ. Есесіне аялдамада тұрып қалатын тұрғындардың шағымы көбейіп жатыр. Қалалықтардың қоғамдық көліктің тазалығына да көңілі толмайды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, биыл көлік паркінің базасы 50%-ке жаңарып, екі жылда 100-ге жуық автобус сатып алынды. Енді арнайы жол картасын әзірлеу жоспары бар.
#семей #автобус #жүргізуші #Жаңалықтар #24KZ #хабар24