
айта бастайды.Әрине оның ішінде Желалды ерекше айтып өтеді.Бәрі сол Махмудтың кесірі ғой.Өзінше түк болмағандай сөз айтып қояды.Сұлтан
болса Желалдың орыны ерекше екенін айтып өтеді.Сара жатқан бөлмеге ашулы түрде Кемалиддин паша келеді.Ол қаруын Сараға тақайды.Қазір
айтасың,болмаса көз жұмасың дейді.Сосын қаруын Сараға беріп,не айтасың білгеніңді,болмаса мені атасың.Себебі біз бауырымыз үшін жанымызды
береміз дедік.Қазір мені өлтір болмаса бәрін айт дейді.Сара қиналып жылап кетеді.Содан Кемалиддин атып тұрып,сұлтанға рахмет айт.Егер ол
болмаса,мен сені шашып тастар едім деп кетіп қалады.Омер Сегютлю Юсуф бәрі кофе ішіп отыр.Омер болса сол Хирам туралы айтып отыр. Сұлтанның кабинетіне Захар келіпті.Өзінше көңіл айтып тұр.Махмуд оңбаған сол Теодор Герцлмен бірге тағы да жүр.Бірігіп осман империясын
мүлдем құртпақшы.Біраздан кейін Хирам да келеді.Ал оны Омер әлі де іздеп жүр.Қасында бірге Юсуф досы болады.Махмуд пен Герцл жүрген жаққа
Захар келеді.Жалпы осы қалаға бүкіл қаруларды осы Захар әкелуде.Өзінің қаруын көру үшін,қарапайым жас жұмыскерлерді атып тастайды.Махмуд
болса Захармен жақсылап танысып сөйлеседі.Содан Захар айта бастайдын.Бұл қарулар менікі.Бірақ оны Парвуз менен сұрады.Мен қарсылық
көрсетпедім дейді.Хирам бірнеше адамдармен өзінше адамдарға тамақ беріп жүр.Орман жақта еді.Оларды сырттан Омер мен Юсуф бақылап тұр.
Содан Омер Хирамды ұстап алып еді,бірақ Хирам оңбаған кішкентай баланы тұтқынға ұстап алады.Содан балақай арқылы тығылып бірнеше
балалармен ақыры қашып кетеді.Түнге қарай Махмуд пашаны көреміз.Әдеттегідей Сениха әйелін мақтап жатады.Сабахаддин баласы да жүр.Бұл
үйде қызмет етіп әлгі Макбуле де жүр.Орман жақта болған жағдайды,Сегютлю келіп сұлтанға айтып береді.Біз Хирамды ұстап алып едік,алайда
соңғы уақытта Хирам баланы ұстап алды дейді.Махмуд паша болса ақыры Эмануель Карасумен танысады.Тағы да бір жұмыс істейтін адам
табылды.Карасу болса Сара туралы сөз қозғайды.Оны ұмытып кетпеңдер деп қалады.Сонда Махмуд паша,шынымен мән бермей кеттік.Бүгін мен
сұлтанға барып,оны көндірмек боламын дейді.Сара қатты қиналуда.Кемалиддин паша келіп,тағы да сырттан сөйлеп кетеді.Бәрін айтпасаң өлесің
дейді.Махмуд паша болса ұлы Сабахаддинмен кездеседі.Сол Сара туралы тақырыпты қозғайды.Бірдеңе етіп оны сарайдан шығару керекпіз дейді.
Сұлтан Абдулхамид болса Тахсинге дәрілерді дайындаңдар.Біз Сарадан жауап ала алмадық.Бірақ оны өлтірмейміз ғой дейді.Біраздан кейін Махмуд
паша келеді.Сіз Захар туралы сөз қозғадыңыз.Мен оны аңдып жүрдім.Ол елге жалғыз келмепті.Ақырын ғана Египеттік өкілдермен кездесіп жүр
екен деп қалады.Осыны айтқым келді деп қалады.Осыдан кейін сұлтан Сараның жатқан бөлмесіне барады.Сара әбден қиналыпты.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#ПраваНаПрестолАбдулхамид #абдулхамидхан