
-
Коул Слоу салатының классикалық рецепті:
Құрамы:
Ақ қырыққабат – 300 г
Сәбіз – 1 дана
Грек йогурты – 2 ас қасық
Қыша (дижон немесе жай) – 1 шай қасық (қаласаңыз)
Сірке суы немесе лимон шырыны – 1 шай қасық
Қант – 0,5 шай қасық
Тұз, бұрыш – дәміне қарай
---
Дайындау тәсілі:
1. Қырыққабатты жіңішке етіп тураңыз.
2. Сәбізді үккіштен өткізіңіз (қалыңдау үккішпен жақсы шығады).
3. Ыдысқа қырыққабат пен сәбізді қосып, жеңіл етіп уқалап, жұмсартыңыз.
4. Басқа кішкене ыдыста грек йогурты, қыша, қант, сірке суы, тұз-бұрышты араластырып, тұздық (соус) дайындаңыз.
5. Тұздықты көкөністерге қосып, жақсылап араластырыңыз.
6. Қаласаңыз, 15–20 минут тоңазытқышта тұндырып қойыңыз — дәмі жақсы ашылады.
Кеңестер:
Қаласаңыз, жасыл пияз, аскөк, алма немесе сельдерей қосуға болады.
Грек йогурты орнына майонез қоссаңыз да болады.
Бұл салат бургер, гриль еті, құс еті қасына керемет жарасады.
#салат #новыйрецепт #готовимподомашнему #cooking #салаты #салатик #салаттар #капуста #капустарецепты