Еріктінің еңбегі ерен

Просмотров: 36   |   Загружено: 14 час.
icon
РИКА ТВ
icon
1
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Еріктілердің еңбегі ерен. Олар өздерінің жасаған игі істері үшін ақша талап етпейді, яғни, ешқандай материалдық талап қоймай, тек өз еркімен басқаларға көмек көрсетеді. Бұл қызметтің әлеуметтік маңызы да зор. Қоғамда ерікті түрде көмек көрсететін адамдар санының артуы, адамдар арасындағы сенімділікті күшейтеді, өзара құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады,-дейді бүгінгі шараны ұйымдастырушылар.
Қазіргі таңда волонтерлық қызмет тек қайырымдылық аясында ғана емес, экологиялық, мәдени, білім беру және басқа да салаларда да кеңінен таралды. Ерікті қызмет көрсету өз кезегінде жеке тұлғаның да дамуына ықпал етеді. Волонтерлыққа қатысқан адам өзінің жауапкершілігін, ұйымдастырушылық қабілетін, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіреді. Бұл қызмет адамның өзіндік дамуына, әлеуметтік ортада өз орнын табуына көмектеседі. Сонымен қатар ол тұлғаның бойында қайырымдылық, жанашырлық, адамгершілік қасиеттерін арттырады, -дейді "Дөң тау-кен байыту" комбинатының жанынан құралған "Жастар лигасы" қозғалысының мүшесі Фарида.Іс-шара барысында қатысушылар волонтерліктің негіздерімен, басқару тәсілдерімен танысты және тәжірибелі сарапшылардан пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар, спорттық-топтық сайыстар арқылы қатысушылар арасында командалық рух қалыптастырылды.
Сайт телеканала
Twitter
Вконтакте
Telegram

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Еріктінің еңбегі ерен - RusLar.Me