
Соңғы 50 жылда Қазақстанда шөлейтті жерлер 25 миллион гектарға ұлғайған. Мәселені зерттеп жүрген ғалымдар осындай дерек келтірді. Адамның табиғатқа зияны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Алматыда Экологтар күніне орай өткен халықаралық форумда айтылды. Іс-шараға қатысушылар табиғатты сақтау, жасанды интеллект арқылы экологиялық мониторинг жүйесін дамыту және флора мен фаунаның цифрлық кадастрын жасау бағыттарына басымдық берді. Сондай-ақ орнықты дамудың ұзақмерзімді стартегиясын әзірлеу мәселелері де талқыланды. Кездесу соңында сарапшылар биоалуантүрлілікті қорғауға арналған негізгі бастамалар мен ұсыныстар көрсетілетін қорытынды резолюцияны дайындауға уағдаласты.
#Алматы #Экологтаркүні #халықаралықфорум #жаңалықтар #Хабар #Хабаржаңалықтар #жаңалықтар2025