
Қазақстанда түрмелерді ұстауға жыл сайын миллиардтаған теңге жұмсалады. Қомақты қаржы сотталғандардың тамағы мен киімінен бөлек, қызметкерлердің формасы мен жалақысы, бейнебақылау жүйелері, тікенек сым, тіпті, қызметтік иттерге арналған жемге кетеді. Жазасын өтеушілердің саны да жыл ауысқан сайын артып келеді. Абақтылар толып, негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмай отырған жайы бар. Депутаттар да киім мен тамаққа ақша жетпей жатқанын айтып, дабыл қаққаны есімізде. Ал қапастағылар азаптау, зорлық-зомбылық және адам төзгісіз жағдайлар туралы жиі шағымданады. Сонымен, түрме жүйесінің кемшілігі неде? Сотталғандар нақты немен қамтылады? Ақша расында жетпей жатыр ма? Түрме жазалаушы орын ба, тәрбиелеуші орта ма? Ал Президент Тоқаев жүйені қалай өзгертпек? Абақтыда отырғандарды не күтіп тұр?
Telegram -
Instagram -
Tik-Tok -
*Сотрудничество: ozektimedia@gmail.com
#Түрме #Тоқаев #Президент #қылмыс #абақты #тюрьма #сотталушы #заключенный #тюрьма #куис #сизо #қазақстан #казахстан #жаңалықтар #қазақстанжаңалықтары #адвокат #заңгер #депутат #парламент #мәжіліс #сенат #бюджет #ақша #деньги #қаржы #қаражат