Үндістанда діни рәсімге жиналғандар бірін-бірі таптап, салдарынан 15 адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам жараланып, ауруханаға түскен. Арасында ауыр халде жатқандары бар. Діни рәсім Ганг және Ямуна өзендерінің түйіскен жерінде болған. Куәгерлердің сөзінше ондаған мың адам бір мезетте қасиетті суға түсуге лап қойған. «Кумбха мела» фестивалі 12 жыл сайын өтеді. 6 аптаға дейін жалғасатын діни рәсімге 400 миллионнан астам адам қатысады деп болжанған.