Абайдың болмысын, қазақ халқының мейірбандығын, тұмса табиғатының сұлулығын суреттейтін, қазақтың тұңғыш эпопеясы – «Абай жолы» роман - эпопеясы биыл «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыұлттық оқылымға танылды.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына видеоролик әзірленді.
Мақсаты:
1. М. Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясы туралы мәлімет беру. Романдағы кейіпкерлер тағдыры туралы түсінік беру, студенттердің ойлау кабілеттерін арттырып, пікір айтуға дағдыландыру.
2. Студенттердің ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу.
3. Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға жәрдемдесу болып табылады.
«Ұлтымыздың өскелең жас ұрпақтары Абайды ес білгеннен бастап таныса артық етпейді .Өйткені, Абай сияқты рухани әлеміміздегі дара да дана тұлғаның үлкенге де, кішіге де берері мол. Ендеше, білім мен тәрбие беру орындарының қай-қайсысында да Абайды таныту артық етпейді»,- деп философия ғылымдарының докторы профессор Алтай Тайжанов айтқандай, Абай мұрасын зерделеу, насихаттау өскелең жас ұрпақтың басты міндеті. Хакім Абайдың ұлағатты есімі халық жадында мәңгілікке сақталып, туған елімен мәңгі жасай бермек. Алдағы уақытта да барша оқырмандарымыз Абай жаққан сәулені алаулата береді деген сенімдеміз.