
---------------------------------------------
Израильде жолаушылар тасымалдайтын үш автобус жарылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал оқиға кеше түнде Бат-Яме қаласында болған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, қоғамдық көліктер арнайы тұрақта тұрған. Тиісінше, ішінде ешкім болмаған. Полицейлер тексеріс барысында тағы екі автобустан жарылғыш зат тапқан. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп топшылайды. Қазір ел астанасы Тель-Авивке жақын орналасқан шаһарда барлық қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автобус, пойыз және метрода қауіпті заттардың бар-жоғын анықтау үшін тінту жұмыстарын жүргізуде. Күдіктілер іздестіріліп жатыр.
------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық