АҚШ-тың Оклахома қаласында мигранттар Трампқа қарсы шеруге шықты. Жиналғандар наразылық шарасын штаттың білім басқармасының алдына өткізген. Себебі, елде заңсыз жүргендерді іздестіру білім ордаларында да жүргізіле бастаған. Ереуішілер «Мектеп депортацияға емес, білім алуға арналған» деген ұран сөздер ұстап алған. Айта кетейік, бұл аумақта көбіне Гватемала, Мексика мен Венесуэладан бас сауғалап келгендер тұрады. Биліктің мәліметі бойынша елде 11 млн-ға жуық адам құжатсыз жүр.