Жұрттың бәрі биліктен сапалы жол сұраушы еді, алматылықтар керісінше жол керек емес деп отыр. Алып мегаполистегі "Өжет" мөлтекауданының тұрғындары "біздің жаққа жол сала көрмеңіз" деп қала әкімі Дархан Сатыбалдыға талап қойып жатыр. Одан да басқа жаққа жасасын деп архитекторға ұсыныс жасапты.