
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Қазақстанда енді депозиттердің сыйақы мөлшерлемесіне шектеу қойылмайды. Наурыздан бастап жинақтың пайызын әр банк өз еркінше көтере алады. Бірақ бұл еркіндік теңгедегі депозиттерге ғана беріліп отыр. Мемлекет неге мұндай шешімге келді? Өзгеріс халыққа қалай әсер етеді? Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын.
ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
- Қарапайым азаматтар ашқан банктегі депозиттердің сыйақы мөлшерлемесіне шектеу 2008 жылдан бастап қойылып келген. Депозиттерге кепілдік беру қоры межені ай сайын өзгертіп отыратын. Мәселен, халықтың басым бөлігі қолданып жүрген теңгедегі мерзімсіз салымға ақпанда 14,8 пайыз деп белгілеген. Енді наурыздан бастап бұл жүйе түбегейлі өзгермек.
ЖАППАРБЕРГЕН АЙБОТА, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ" АҚ ресми өкілі:
- Енді банктер бүкіл тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алып, тек қана нарықтық мөлшерлеме, яғни банктердің арасында белгіленетін еркін нарықтық мөлшерлемелерге негіздеп белгілейді. Бірақ қалай болғанда да мемлекеттік реттеудің кейбір механизмдері сақталады.
Яғни, депозитінің мөлшерлемесін нарықтағы бағадан асырғандар қорға жарна төлейтін болады. Негізі жинақ пайызының көбейгені салымшылар үшін де тиімді. Бірақ экономистің айтуынша, бұл өзгеріс тек депозитті ұдайы қолданатын жандарға ғана сүйінші болады.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, экономист:
- Орта тап және жоғары таптардың, яғни, қалтасында қаражаты бар, белгілі бір бөлігін депозитке сақтайтын азаматтар үшін өте тиімді. Ал біз тағы бір нәрсені ескеруіміз керек. Бізде көп азаматтың тіпті депозит ашатын артық ақшалары жоқ. Сондықтан оларға ешқандай әсері болмайды. Болашақта ең төменгі таптың да депозитке ақша салу мәселесін қарастыруымыз керек.
Ал халықтың пікірінше, депозиттердің пайызына керісінше шектеу болғаны дұрыс.
Еркіндік тек теңгедегі депозиттерге ғана беріліп отыр. Өзге валютадағы жинақтар бұрынғыша бақыланып отырады. Сонымен қатар, мемлекет жинақтық депозиттерге 20 миллион теңгеге дейін, мерзімді және мерзімсіз салымдарға 10 миллион теңгеге дейін кепіл болуын жалғастырады. Айта кетсек, бүгінде депозиттерде жалпы 24 трлн теңге жатыр. Соның 18 триллионы теңгемен сақтаулы тұр.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық