Шерзат Полаттың өліміне күдіктілер туған күн тойлаған түрме басшысы қызметтен қуылды

Просмотров: 1, 216   |   Загружено: 6 дн
icon
Информбюро 31
icon
20
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қамалған күдіктілерге торт үрлеп, туған күн тойлауға жол берген абақтының бастығы жұмыстан қуылды. Ішкі істер министрлігі құзырлы органдарды қарабет қылған қызметкерді лауызымымен қоса шенінен де айырған. Жалпы іске қатысты изолятордың басшылығы мен қызметкерлерін қосқанда 16 адам қызметінен кетті
Анықталғандай, бұл бассыздық Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында болған. Бұған дейін қамаудағыларға сауық құруға жағдай жасаған қызметкер күдіктілердің бірінің жақын танысы деген бейресми мәлімет тараған еді. Ішкі істер министрлігі әзірге істің мән-жайын толық жарияламады. Бүтін полиция қызметін ұятқа қалдырған бұл жайтқа қатысты бүгінде қылмыстық іс қозғалып отыр. Және елдегі изолятордың бәріне жоспардан тыс тексерістер басталмақ. Еске салсақ, былтыр қазанда кісі қолынан өлген Шерзат Полаттың қазасынан кейін қанды қылмыс бойынша 11 адам ұсталған еді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

  © 2019-2021
  Шерзат Полаттың өліміне күдіктілер туған күн тойлаған түрме басшысы қызметтен қуылды - RusLar.Me