Осы жұрт «плоггиңді» біле ме екен? Әу баста Швецияда пайда болған бұл үрдіс, келе-келе басқа елдерде де трендке айналды. Мақсаты — жүгіріп жүріп, қоқыс жинау. Бір жағынан салауатты өмір салтын ұстанасың, екіншіден, қоршаған ортаңа пайдаң тиеді. Ақтөбенің жастары бас болып, плоггиң ұйымдастырды.