
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -
Бүгінгі шығарылымда:
Шымкентте жеті баланың анасы бұрынғы күйеуі тұратын үйдің ауласынан өлі күйінде табылды. Марқұмның қыздары қайғылы жағдайға туған әкелерін кіналап отыр. Сөздерінше атпалдай азамат 42 жастағы әйелді соққыға жығып, үшінші қабаттан лақтырып жіберген. Бұл сұмдықтың бәріне кәмелет жасына толмаған екі баласы куә болған дейді қара жамылған отбасы мүшелері. Қазір полиция күдіктіні қамауға алып, тергеп жатыр.
Ара-тұра домбыраны күмбірлетіп, әуелетіп ән айтатын Шолпан Ақмырзаның үйі қазір күңіреніп тұр. Бейбіт күнде жеті бірдей бала жетім қалды. Жақындарын жоқтаған жандардарына қиын. Дәм-тұзы 42 жасында үзілген келіншектің қазасына туыстары бұрынғы күйеуін кінәлайды.
ПЕРИЗАТ ҚАЛДАРБЕК, марқұмның қызы:
- Мен өзі өлгеніне сенбеймін. Үшінші этаждан секіргеннің өзінде де ондай жарақаттар болмайды. Інімнің айтып тұрған сөзіне мен сенемін. Ұрған, сүйреген, терезеден лақтырып жіберген дейді. Одан алдын да бізде күнде ұрыс-керіс болатын. Анам 2020-да заңды түрде ажырасса да адресімізді біліп күнде тықылдатып тұрып кіретін.
Туыстарының айтуынша, көпбалалы ана ажырасқан күйеуімен татуласып, үйіне барыпты. Арада бір күн өткенде қаралы хабар жеткен деп отыр. Яғни, әйел үшінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Алайда марқұмның жақындары бұған сенбейді. Себебі, кәмелет жасына толмаған балалары болған жайтты айтып берген.
АҚМАРАЛ АҚМЫРЗА, марқұмның әпкесі:
- Төрт жасар баласы айтып отыр. Гантельмен басын ұрып-ұрып құлады. Одан кейін қашып бара жатқанда тізесінен тағы гантельмен ұрды. Мына қашқан аяғың ба деп. Құлаған адамға ұқсамайды. Әбден білгенін істеп, ұрып-ұрып, денесіне отвертка тыққан, пышақ тыққан денесінің бәрін көгала қойдай қылып тастаған.
Полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғап, 47 жастағы күдіктіні қамауға алдық деп қысқа қайырды.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Әйелдің өлім жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда осы жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті қамауда отыр.
Бірақ қара жамылған отбасы іс "адам өлтіру" бабымен тергелсін деп отыр. Шолпан Ақмырза жолдасымен 22 жыл бірге тұрған екен. Бірақ ерлі-зайыптылар түсінісе алмай, төрт жыл бұрын екі жаққа кеткен. Жалдамалы пәтерде тұрған әйел сауда жасап, нәпақа тапқан дейді ағайын-туысы. Марқұмның үлкені 22-де, кішісі 2 жаста екен.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық