
Былтыр 214 нысанда құны 11 триллион теңгені құрайтын 227 аудиторлық іс-шара өткізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Әлихан Смайылов айтты. Тексерістер аясында жалпы сомасы 862 млрд теңге болатын түрлі нормалардың бұзылғаны анықталған. Нәтижесінде бюджетке 135 млрд теңге қайтарылған. Бұл 2023 жылы өтелген қаржыдан 5 есе артық. Президент Әлихан Смайыловқа мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.