
Оның сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті. Әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Ал ол ілтипат танытып, Президентке ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыстады. Елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирі өтеді. Соның арқасында отандық спортшылар кәсіби тұрғыдан шыңдалып, тәжірибе алмасып әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеті артады. Чунгвон Чоу Қасым-Жомарт Тоқаевтың қонақжайлығына алғыс айтып, қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24