
Бұл драма бүгінгі қоғамның өткір мәселелерін - отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйел құқығының шектеуін қозғайды. Ерте тұрмыс құрған Айша күйеуі мен ата-енесінің қорлауына жылдар бойы төзеді. Төзімі таусылған келіншек ұлын алып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Бірақ ел-жұрттың сөзінен қорққан Айшаның туған әке-шешесі қыздан бас тартады. Бақыт жолында Айша сынып кетпей, қиындықтарға төтеп бере ала ма?