
АЭС-ті салуды қолдайтындардың позициясы түсінікті. Энергия тапшылығынан сақтану. Болжам бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда жарық көзінің дефициті 3 мВат-қа жетуі мүмкін. Сол үшін қазірден қуаты 2,5 мВат болатын екі атом реакторын салу қажет. Оның құрылысы кемі 10 жылға жалғасады. Соңғы буынмен салатындықтан қауіпсіз дегенді де келтіреді. Осы тұста қарсы тараптың да бірнеше сұрақтары бар: Атом электр станциялары Қазақстанға қажет пе? Бұл мәселе қаншалықты өзекті? Шыныменен электр тапшылығы бар ма? Әлде ол қолдан жасалған тапшылық па? АЭСтің салынуы бізге не береді? Ертең тариф өсіп кетпей ме? Референдум не шешеді? Көріп отырғандарыңыздай, сұрақтар тым көп.
Осы орайда, сұхбатқа «Қазақстанның электроэнергетикалық қауымдастығы» төрағасы Талғат Темірхановты шақырған едік.
Тайм-кодтар:
00:00 Анонс
4:17 АЭС құрылысы жөнінде бастамаға қандай жағдайлар түрткі болды
7:53 Көмір генерациясынан неліктен бас тарту қажет
10:45 “Көрші елдерге тәуелді болуға мәжбүр болып отырмыз”
13:23 АЭС тариф мәселесін қалай шешеді ?
14:58 “Техникалық мамандықтарға жастар аса бара қоймайды”
21:17 Баламалы энергетика
23:09 Әлем елдері АЭС- тен неліктен бас тартып жатыр.
25:35 Түркиядағыдай АЭС салынғаннан кейін тарифтер бізде де қымбаттап кетпейді ме ?
27:00 АЭС бойынша референдум қалай өтеді. Халық ақпаратпен толық танысады ма?
31:38 АЭС салынғаннан кейін кімдер қызмет етеді? Құрылыс компаниялары қандай ұсыныстар жасап жатыр
33:10 Біздің мемлекеттік органдар АЭС- ті басқаруға қатысты талаптар қоя алады ма?
40:20 Ресеймен АЭС салуды қаламайтын дар көп.
42:00 “Осы үш сұраққа қай компания жауап берсе, сол компания құрылысты жеңеді”
43:12 “Маман үшін қандай мемлекет салатыны маңызды емес”
45:35 АЭС салуға үміткер мемлекеттер жайында ақпарат тапшы
49:10 АЭС қауіпсіздігі немен өлшенеді
50:18 АЭС жемқорлыққа ұшырап кетпейді ме ?
50:57 АЭС салынбай қалса қандай мәселелер туындайды?
53:54 АЭС салынған жағдайда тариф қаншалықты өзгеруі мүмкін?
56:05 Өзбекстан АЭС салуға шешім қабылдады
57:53 “Үлкен ауылы АЭС салуға ең ыңғайлы локация”
59:30 Қорытынды
Арнамызға жазыңыздар.
Сайт ulysmedia.kz
Facebook:
Telegram:
Instagram: @samal.live
@ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
@ulysmedia.kz
#Ulysmedia #АЭС #Талгат Темирханов