Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)
ҰЙЫМНЫҢ АТЫНАН ЕМЕС
Президент Тоқаев сайлауға кімнің атынан қатысатыны белгілі болды. Мемлекет басшысы саяси додаға қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан қатысуды дұрыс деп шешкен.
КИБЕРҚАУІПТЕН ҚОРҒАНУ
Қазнетке шетелден шабуылдың үдеуіне байланысты киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қаражатты көптеп бөлу керек. Мамандардың тапшылығы мен қаржыландырудың аздығынан ақпараттандыру саласына қауіп төніп тұр дейді депутаттар.
СҰМДЫҚ СТАТИСТИКА
Жыл сайын елімізде 4 мың адам суицид жасап өмірімен қоштасады. Өз-өзіне қол салғандардың 80 пайызы ер азаматтар екен.
ШОШҚАДАН ШАРШАҒАН
Өзі де, көршілері де шыңғырған шошқалардан мезі бопты. Семейде жұрт 800 бас талпақ танауды қала ішінде өсіріп отырған қожалықтың көзін құртуды талап етсе, қожалық иесі "торайлардан өзім де құтыла алмай отырмын" деп айды аспанға бір-ақ шығарған.
#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары