Солтүстік Қазақстан облысында ер адамды бұқа сүзіп өлтірді. Оқиға Тайынша ауданында болған. Аудандағы ең үлкен мал шаруашылықтарының бірін аралап жүрген жұмысшыны бұқа кенеттен сүзіп жіберген. Ауыр жарақат алған 40 жастағы азамат бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда, жағдайы тым күрделі болғандықтан дәрігерлер оны өлімнен арашалай алмады. Полицейлер іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алды.