Алматыдағы қоғамдық автобустың 180 жүргізушісі екі айдан астам уақыт жалақысыз жүр

Просмотров: 1, 192   |   Загружено: 6 дн
icon
Информбюро 31
icon
12
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
Алматыдағы қоғамдық автобустың 180 жүргізушісі екі айдан астам уақыт жалақысыз жүр. Күні-түні жолаушы тасып еңбек еткен жандардың зейнетақысы мен медициналық сақтандыруына да былтырдан бері көк тиын түспеген. Ал жүргізушілерді айлықсыз қалдырған автобус паркінің директоры әкімдіктің субсидиясын күтіп отырмын дейді. Бірақ шыдамы таусылып, ызасы кемерінен асқан азаматтар ақпаннан қалдырмай ақшаны түгел аударуды талап етті.
Жасыл автобусты тізгіндеп, Алматы мен ауыл арасында жолаушы тасыған жүргізушілердің есепшоты да, зейнетақы қоры да былтырдан бері көк тиынсыз. Айтуларынша, парк бастығы желтоқсаннан бастап маңдай тердің ақысын бермей отыр.
ЕРҒАЛИ ЖОЛДАСБАЙ, автобус жүргізушісі:
- Сағат 11-де келіп тоқтадық десек, 3-4 сағат қана ұйықтаймыз да қайтадан тұрамыз. 4-5 сағат қана тынығып, қайтадан 16 сағат жүреміз. Сөйтіп тапқан ақшамызды ала алмай жатырмыз. Енді солай 1 күн жүріп көрсінші өздері. Немесе өздері ақша алмай көрсін 2 ай!
БАҚЫТ АЙТМҰРЗАЕВ, автобус жүргізушісі:
- Сол 500-400 мың көлемінде шығады айлық, 15 күн істесең. Жаңа жылдың алдында басшылық 200 мыңнан аванс берді. Январьдің соңында 125 мыңнан тағы аванс деп берді. Болды, содан бері ақша көрген жоқпыз.
Жалақыға жарытпаған автобус паркінің директоры жүргізушілер алдындағы былтырдан бар қарызын әкімдік енді бөлуі тиіс қаржымен жаппақшы. Себебі қолда болған бюджет қоғамдық көліктің дизелі мен жөндеуі сияқты шығындарға жұмсалып кетті дейді.
АБЫЛАЙ ОМАРХАН, "NEO CITY TRANS" ЖШС директоры:
- Бүгін-ертең айлық төлеу жоспарда бар. Қаңтардың айлығы беріледі. Желтоқсандікі келесі айдың 20-сына қарай төленеді. Солай төлейміз. Себебі халық төлейтін 120 теңге күнделікті алатын ГСМ-ге кетеді. Ол 120 теңгелік тариф бүгінде автопаркті толыққанды қамтымайды.
Ал зейнетақы мен медсақтандыру төлемін басы дауға қалған директор 25 ақпанға дейін толық аударамын деп сендірді. Әкімдіктің хабарлауынша, автопаркке ендігі субсидия осы айдың 20-сы бөлінеді. Жолақыны қымбаттату әзірге жоспарланбаған.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

  © 2019-2021
  Алматыдағы қоғамдық автобустың 180 жүргізушісі екі айдан астам уақыт жалақысыз жүр - RusLar.Me