
Облыс әкімі Арал ауданындағы жұмыс сапары кезінде Сексеуіл кентінің теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Тоғыз жолдың торабындағы Сексеуіл вокзалы 1904 жылы салынған. Кенттің бас қақпасы саналатын теміржол вокзалының бүгінде тозығы жетіп тұр. Сондықтан қайта жаңғыртуды қажет етеді. Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі мен жауапты мердігер мекеме өкіліне жөндеу жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы жасау керектігін тапсырды. Айта кету керек, елімізде 100 теміржол вокзалын жаңғырту қолға алынған болатын. Соның ішінде 10 вокзал Қызылорда облысына тиесілі.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \мынаны өте жақсылап жасау керек, сапалы болу керек. Ел, халыққа ұзақ жыл қызмет жасау керек. Барлық элементтер натуральный тас болатын болсын. Эмульция деген кетіп қалады. ....\
Сайт -
Facebook -
Instagram -
Telegram -
Tiktok -