Интернет дүкендері бар кәсіпкерлер түгел тексерілетін болады

Просмотров: 94   |   Загружено: 10 час.
icon
Информбюро 31
icon
4
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
Енді интернет дүкендері барлардың да кірісі тексеріледі. Яғни, кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктегі жеке шоттары мен салық төлеген не төлемегені жіті назарға алынады. Ал, табысын жасырып немесе есепті кезең үшін салығын дұрыс төлемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен, жаңа ереже қандай интернет дүкендерге қатысты? Онлайн зат сатып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар нені білуі керек? Диана Тұрлыбектің сюжетінен көрейік.
ДИАНА ТҰРЛЫБЕК , тілші:
- Бұл көйлектің бағасы 10 мың теңге, алам деушілер болса көрсетілген нөмірге төлем жасап, чекті ватсапқа жібересіз. Міне, енді дәл осылай интернет арқылы онлайн дүкен ашып, ақша тауып отырғандардың кірісі жіті тексеріледі. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалпыға бірдей декларация тапсыру керек болады.
ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
- Ағымдағы жылы дара кәсіпкерлерді қоса алғанда 80 000 жеке тұлғаға бақылау хабарламалары жіберіліп үлгерді. Салық кодексінің 24-бабы, 19-тармағына сәйкес салық органдары, екінші деңгейдегі банктерден жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты дербес шотына төлем және мобильді төлемдер арқылы түскен қаражаттар туралы ақпарат алады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйғарымымен кәсіпкер Дана Ахмедова келіседі. Ол екі жыл бұрын интернет арқылы әйелдерге арналған әшекей бұйымдар мен киім -кешек сата бастаған. Кейін бұл ісі ілгерілеп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қатарына еніпті. Содан бері міндеттелген декларацияны тапсырып, салықты да төлеп жүрмін дейді. Оның ойынша, бұл әрбір бизнес иесінің міндеті.
ДАНА АХМЕДОВА, кәсіпкер:
- Бұл менің ойымша енді жақын арада блогерлердің арасында шу болды ғой, соған байланысты бізге де енгізіліп жатыр деп ойлаймын. Ол жерде 2022-2023 жылдар есептелмейді, яғни, 2024 жылдың ақпан айынан бастап салық түрлері есептеледі деп естідім. Негізі өз басым дұрыс деп есептеймін.
и 19 миллионға келді ғой. Негізі ондай обороттар болған жоқ. Мен білем ғой енді. Ыыписканы қараймыз.
Мамандар хабарламаны алған кәсіпкерлерг отыз жұмыс күні ішінде не салығын толық төлеуге, не мән-жайды түсіндіруге тиіс деп отыр. Ал, онымен келіспесе, азаматтың шоттары түгел бұғатталады

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Интернет дүкендері бар кәсіпкерлер түгел тексерілетін болады - RusLar.Me