КҮНДЕ Кемінде 70 рет АЙТЫҢЫЗ. ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТ | Истиғфар

Просмотров: 1, 660   |   Загружено: 3 год.
icon
Murat Moldir
icon
57
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
Истиғфар дегеніміз – жасаған күнә мен қателіктері үшін Алла Тағаладан кешірім сұрау. Құран Кәрімде жасаған жаманшылықтарынан пұшайман болып тәубе және истиғфар жасағандарды мақтауда. [Әли Имран, 135]. Дерек көздерінде “истиғфар дұғасы” деген арнайы бір дұға жоқ. Алайда мазмұны жағынан “истиғфар” мағынасын білдіретін көптеген дұғалар бар. Хазірет Пайғамбар (с.ғ.с.) “сәййдил истиғфар” (истиғфарлардың ең көркемі) деп атаған дұғасы мынандай: “Алла Тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын; күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңе ұстануға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын: күнәмді де мойындаймын. Мені кешір; себебі Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмас”. [Бухари, Дәават, 2]. Адамның Раббысына бет бұрып, іштей жасаған кез келген кешірім тілеу дұғасы истиғфарға жатады.

Похожие видео

Добавлено: 56 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  КҮНДЕ Кемінде 70 рет АЙТЫҢЫЗ. ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТ | Истиғфар - RusLar.Me