Маңдай тер еңбекақыларын ала алмаған халық Атырауда наразылық білдірді

Просмотров: 141   |   Загружено: 11 час.
icon
Информбюро 31
icon
0
icon
Скачать
iconПодробнее о видео
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:
---------------------------------------------
Ақтаудағы ұшақ апаты -
Бишімбаев ісі -
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -
Жұмбақ өлімдер -

Бүгінгі шығарылымда:
Атырауда мұнайшылар жатақханасын күрделі жөндеуден өткізген жұмысшылар еңбекақыларын ала алмай жүр. Отыздан астам адам құрылысты толық аяқтап тапсырғандарын айтады. Бірақ қаражат әлі берілмеді деп отыр. Қарызға белшеден баттық деген жандар "Ембімұнайгаз" компаниясының бас кеңсесінің жиналып, наразылық білдірді.
Бұл жұмысшылар «Каспий Самалы» вахталық кентіндегі екі бірдей жатақхананы қалыпқа келтірген. Мұнайшылар жататын орынның ішін әктеп, бояп, қираған жерлерін жөндеп, электр сымдарын тартып берген. Бірақ жұмыс аяқталғанымен маңдай тер ақымызды толық ала алмай, қаржыдан қиналдық дейді жиналғандар.
РАУШАН СӘРСЕНҒАЛИЕВА, жұмысшы:
- Теңізден 80 шақырымдық «Прорва» деген жерде жұмыс жасадық. Құрылысшылар болып, ішкі жұмыстарды істедік. Ешқандай көлік те бөлінбеді. Қырғын кредитпен қалдық. Ештемені төлей алмай отырмыз. Өтеп берулерін талап етеміз. Қызымның атынан несие алып кеттім. Қарызға белшеден баттым.
АЛПАМЫС ҚАБУЛОВ, жұмысшы:
- Талаптарымыз ақшамыз сұраймыз. Осы ай бойы кредитпен күн кешіп келеміз. Соның барлығын талап етеміз. Бірақ талаптарымыз орындалмай жатыр. Бәріне жаздық болмай жатыр. Қайда барамыз енді?
Бас мердігер бар жұмысты қосалқы компанияға жүктепті. Оның алдында ешқандай қарызым жоқ дейді. Сондықтан жұмысшыларға сотқа жүгінуге кеңес берді.
НҰРБЕК ТЕМІРЖАНОВ, «Дос-жан»компаниясының директоры:
- Не үшін жиналып тұрғандарын білмеймін. Компанияма бұл адамдардың ешқандай қатысы жоқ. Мен жұмысты басқа компанияға жүктедім. Қаражат төленді. Келісімшарт, құжаттарым бар қолымда. Ал, кен орнындағы екі бірдей жатақхананы салуға 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ақша толықтай игерілді.
Ал, тапсырыс беруші "Ембімұнайгаз" компаниясының өкілдері де өздеріне шаң жуытпады. Жұмысты қабылдап, қаражатты аудардық деп отыр.
САЛАМАТ МҰҚАШЕВ, «Ембімұнайгаз» ақ құрылыс бөлімінің басшысы:
- Біз «Дос-жан» мекемесінің алдында ешқандай қарызымыз жоқ. Біз бекітілген құжаттамаға сәйкес, есептелген сметаларға сәйкес, «Дос-жан» мекемесіне барлық ақшасын төлеп отырмыз. Арыз- шағымды қарадық. «Дос-жан» мекемесінен де түсініктемесін алдық. Құжаттары болса барлығын құқықтық шеңберде шешуге болады.
Жұмысшылардың айтуынша, қосалқы мердігер компания берешекті осы апта толық өтеп береміз деп уәде берген.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31
Informburo kz
Facebook -
Instagram -
WhatApp -
TikTok -
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Похожие видео

Добавлено: 55 год.
Добавил:
  © 2019-2021
  Маңдай тер еңбекақыларын ала алмаған халық Атырауда наразылық білдірді - RusLar.Me