
Нұрлан — полиция сержанты. Бірбеткей, әділ, әзілдескенді ұнатпайтын, бірсөзді жігіт. Оның жары Қарлыға да еңбекқор, пысық, өзгенің ала жібін аттамайтын жан. Ол кітапханашы болып істейді. Екеуінің бір-біріне деген махаббаты адал, бірақ арада бала болмауы, көпшіліктің бұл жағдайды нұқып айта беретіндігі біраз қиындыққа әкеледі.