V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел мерейін асырды | Абай облысы

  • Видео
  • О видео
  • Скачать
  • Поделиться

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел мерейін асырды | Абай облысы

8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлы даланың ұлылығы, ежелгі дәстүрлердің байлығы мен көшпелі мәдениеттің мәңгілік рухы жаңғырды. Бұл ерекше шара өткен мен бүгінді байланыстырып, мәдени мұраны сезінуге мүмкіндік берді. Этноауылда құрылған Абай облысының киіз үйіне келушілердің қарасы қалың болды, себебі бұл жерде жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды. Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысы бойынша «Abay Media Group» ЖШС ұлт зиялылары мен Алаш қайраткерлерінің бейнелерін нейрожелі арқылы жандандырып, оларды қозғалысқа енгізді. Сонымен бірге, «Abay IT Valley» технологиялық кластері мен «Abay Media Group» ЖШС бірлесе отырып, қасиетті жерлер мен киелі орындардың 360 градус нұсқадағы виртуалды көріністері мен голограммаларын әзірледі. Бұл технологиялық жаңалықтар V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысқан қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Абай облысының киіз үйіне келушілерді Абай атындағы қазақ-музыкалық драма театры мен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әртістері қарсы алып, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкерлері киіз үй ішіндегі жәдігерлер мен арнайы мәдени бұрыштарды таныстырды. Халықаралық жарысқа 89 елден екі мыңнан астам спортшы қатысты. Ойындардың нәтижесінде Қазақстан 114 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға шықты. Оның 44-і алтын, 33-і күміс, 37-сі қола жүлде. Абай облысының атынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан спортшылар жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ойындарда ұлттық рухты асқақтатқан спортшылар қатарында қазақ күресінен алтын медаль алған Дидар Түқышев, Зарина Сарипова және Роза Нысантайқызы бар. Сонымен қатар, арқан тарту сайысында күміс жүлдені иеленген Айгерім Жұманқызы, құсбегілік сайысында күміс жүлдегер атанған Ерзат Байқадамов, кураш күресінен қола жүлдені жеңіп алған Ерзат Арғынов та облыс намысын абыроймен қорғады. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын әлемге танытатын үлкен алаң. Абай облысының спортшылары осы алаңда ел намысын қорғап, халқымыздың ұлттық спорттағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Айта кетейік, «018.kz» редакциясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы БАҚ бетінде 850-ге жуық материал жариялады. Бұл шара көшпенділердің бай мәдениетін қазіргі заманмен байланыстырған ерекше оқиға ретінде ел есінде қалары сөзсіз.
517   |   11 мес. назад  |   12 - 0
 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел мерейін асырды | Абай облысы

Скачайте изображение (превью) выбрав качество


320x180 480x360 640x480 1280x720

8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлы даланың ұлылығы, ежелгі дәстүрлердің байлығы мен көшпелі мәдениеттің мәңгілік рухы жаңғырды. Бұл ерекше шара өткен мен бүгінді байланыстырып, мәдени мұраны сезінуге мүмкіндік берді.

Этноауылда құрылған Абай облысының киіз үйіне келушілердің қарасы қалың болды, себебі бұл жерде жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды. Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысы бойынша «Abay Media Group» ЖШС ұлт зиялылары мен Алаш қайраткерлерінің бейнелерін нейрожелі арқылы жандандырып, оларды қозғалысқа енгізді.

Сонымен бірге, «Abay IT Valley» технологиялық кластері мен «Abay Media Group» ЖШС бірлесе отырып, қасиетті жерлер мен киелі орындардың 360 градус нұсқадағы виртуалды көріністері мен голограммаларын әзірледі. Бұл технологиялық жаңалықтар V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысқан қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Абай облысының киіз үйіне келушілерді Абай атындағы қазақ-музыкалық драма театры мен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әртістері қарсы алып, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкерлері киіз үй ішіндегі жәдігерлер мен арнайы мәдени бұрыштарды таныстырды.

Халықаралық жарысқа 89 елден екі мыңнан астам спортшы қатысты. Ойындардың нәтижесінде Қазақстан 114 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға шықты. Оның 44-і алтын, 33-і күміс, 37-сі қола жүлде.

Абай облысының атынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан спортшылар жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ойындарда ұлттық рухты асқақтатқан спортшылар қатарында қазақ күресінен алтын медаль алған Дидар Түқышев, Зарина Сарипова және Роза Нысантайқызы бар. Сонымен қатар, арқан тарту сайысында күміс жүлдені иеленген Айгерім Жұманқызы, құсбегілік сайысында күміс жүлдегер атанған Ерзат Байқадамов, кураш күресінен қола жүлдені жеңіп алған Ерзат Арғынов та облыс намысын абыроймен қорғады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын әлемге танытатын үлкен алаң. Абай облысының спортшылары осы алаңда ел намысын қорғап, халқымыздың ұлттық спорттағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, «018.kz» редакциясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы БАҚ бетінде 850-ге жуық материал жариялады.

Бұл шара көшпенділердің бай мәдениетін қазіргі заманмен байланыстырған ерекше оқиға ретінде ел есінде қалары сөзсіз.


V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел мерейін асырды | Абай облысы

Чтобы скачать видео "V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел мерейін асырды | Абай облысы" передвинте ползунок вправо



Покажите вашим друзьям, добавьте в соцсети

Ссылка на страницу с видео:

 

Ссылка HTML на страницу с видео:

 

Код для вставки плеера:


  • Комментарии

Комментарии ФБ


Уважаемые друзья!

Источником всего видеоконтента, в том числе проигрывающегося на страницах ресурса ruslar.me, является сторонний видео ресурс, а именно общедоступный видеохостинг YouTube.com, предоставляющий открытый доступ к своему видеоконтенту (используя открытую и общедоступную технологию video API3 youtube.com)!

Проблемы с авторскими правами

Если вам принадлежат авторские права на данное видео, которое было загружено без вашего согласия на YouTube.com, перейдите на страницу этого видео сайта YouTube.com , нажмите на ссылку под проигрывателем Ещё -> "Пожаловаться" -> "Нарушение моих прав" и в выпадающем меню, выбирите, что именно нарушается и нажмите кнопку "Отправить".



Неприемлемый контент

Чтобы сообщить о неприемлемом видео, перейдите на YouTube, нажмите на ссылку под проигрывателем Ещё -> "Пожаловаться" и выберите в "Сообщить о нарушении" что именно вас не устраивает в этом видео. Подробнее о наших правилах читайте в Условиях использования.