Президент сайлауы кезектен тыс өте ме? Теңгенің тағдыры не болмақ? 100 млн сыйақы алатын - кімдер?
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Президент сайлауы кезектен тыс өте ме? Теңгенің тағдыры не болмақ? 100 млн сыйақы алатын - кімдер?
70, 318 | 2 мес. назад | 2, 633 - 0
Аптаның ең айшықты деген оқиғаларын өздеріңізге жеткізуге дайынбыз. Ендеше, назар сізден, талдау бізден болсын! «Ұлыс медиа» қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыз. Алдымен, аңдатпа:
«Теңгенің әлсіреуі инфляцияны күшейтеді». Ұлттық банк басшысы осындай мәлімдеме жасады. Тимур Сүлейменов неге сеніп тұр? Ал доллар болса, әне-міне 600 теңгенің шамасына шығайын деп тұр.
Бәрі қымбаттады. Азық-түлік бағасының да ырыққа көнетін түрі жоқ. «Үкіметте план «Б» бар ма? Дефолт болуы мүмкін деген сыбыс бар. Экономиканы тезете алмаса, Олжас Бектеновтың командасы отставкаға беру керек пе? Сарапшылар не дейді?
«Қазпошта» басшысы млн-даған бонустан бас тартса, «Самұрық-Қазына» төрағасы ондай әрекетке барғысы жоқ. Өйткені ол өзін жақсы жұмыс істедім деп есептейді. 90 млн теңгеге дейін бонус алатын қай топ-менеджер?
Жаңаөзендегі 3 аптадан бері ереуілдетіп жатқан мұнайшылар жұмыстарына оралды. Бірақ талаптары аяқсыз қалса, қайта бас көтеруге уәде беріп отыр. «ҚазМұнайГаз» енді мәселені қалай реттемек?
Депутат Бақытжан Базарбекке спикер Ерлан Қошанов «ауыр айып тақпа» деп ұрысты. Парламенттен шыққан кикілжіңге не себеп?
Қанды үндеу: Думан Мұхамедкәрімді карцерге қамаған, ол өзін тілгілеп қабырғаға "оян, қазақ" деп жазғаны рас па? Неге 7 жылға жаза тағылған тәуелсіз журналист әлі изоляторда отыр?
Млн-дап жалақы береміз деп алдап, Ресейлік компания қазақ жігіттерін құлдықта ұстап жүр. «Сибирь групп» деген алаяқ компанияға қатысты тексеру жүре ме?
Қазақ мұнайын қытайлар басқара бастады. Қытайдан қорқу керек пе?
Алты сағаттық әскери режим. Президентке импичмент. Оңтүстік Кореяда не болып жатыр? «Ресейдің бөлшегі болғымыз келмейді» деген грузиндер де ереуілдетіп жүр. Бұл не демократия ма, әлде сыртқы күштердің ықпалы ма?
Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
Сайт ulysmedia.kz
Facebook:
Telegram:
Instagram: @samal.live
@ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
@ulysmedia.kz
Донаты для “Ulysmedia”:
Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
Карта Halyk Bank: 4300 0327 1086 4101
Samal Ibrayeva Kazakhstan
#Ulysmedia #жаңаөзен #теңге
Чтобы скачать видео "Президент сайлауы кезектен тыс өте ме? Теңгенің тағдыры не болмақ? 100 млн сыйақы алатын - кімдер?" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ