Ақкөл ауылының 90 жылдық мерейтойы
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Ақкөл ауылының 90 жылдық мерейтойы
930 | 4 нд. назад | 7 - 0
Ақкөл ауылының 90 жылдық мерейтойы
Құрметті Екібастұз өңірінің тұрғындары мен қадірлі қонақтар!
2025 жылдың 3 тамызы күні Ақкөл ауылының 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткен болатын.
Мерекелік шараға жиналған жұртшылық үшін ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылған еді.
Мерейтойдың қадірлі қонақтары ретінде сахна төрінде өнер көрсеткендер:
Қазақстан эстрадасының танымал әншілері Қуандық Рахым мен Мадина Садвакасова,
Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі,
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық патриоттық орталығының солисті Даурен Төлеубаев,
Сонымен қатар, облыстық филармония, Баянауыл, Ертіс, Ақтоғай аудандары мен Екібастұз қаласының өнерпаздары да өз өнерлерін тарту еткен болатын.
Ауыл тарихына тағзым жасап, өткенге көз жүгіртіп, бірлік пен берекенің айғағындай болған бұл мерейтой – ел жадында жарқын естеліктермен қалған күн болды.
Тарихы терең, рухы биік Ақкөл ауылы 90 жылдық мерейтойын атап өтті.
Мерейтой барысында мерекелік концерт, ұлттық спорт түрлері - көкпар, бәйге, қазақша күрес, қолөнершілер жәрмеңкесі және т.б. ұймдастырылды.
Той ауыл тұрғындары мен қонақтардың көңілінен шықты.
Бұл бейнені әлеуметтік желілерде (Facebook, Google, Twitter) бөлісіңіз.
Жаңа бейнелер туралы хабардар болу үшін жазылыңыз. Бұл бейнені көргеніңізге рахмет. Менің каналым ұнаса ЛАЙК басуды, Пікір қалдыруды, ЖАЗЫЛУды және бөлісуді ұмытпаңыз

Чтобы скачать видео "Ақкөл ауылының 90 жылдық мерейтойы" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ