4 АДАМ ҒАРЫШҚА барып ЕРЕКШЕ КҮШКЕ ИЕ БОЛЫП ҚАЙТАДЫ |Фантастическая четверка 2005 фильм | Кино шолу
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
4 АДАМ ҒАРЫШҚА барып ЕРЕКШЕ КҮШКЕ ИЕ БОЛЫП ҚАЙТАДЫ |Фантастическая четверка 2005 фильм | Кино шолу
13, 563 | 2 мес. назад | 358 - 0
Бүгін біз 2005 жылы шыққан "Фантастическая четверка" деген керемет киноға қысқаша шолу жасаймыз.Бәріміз бейнемізді басынан аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік...
Кино басында Рид және Бэн екеуі Виктор деген ғалымның мүсініне қарап тұрады.Виктор өзін қатты жақсы көреді екен дейді.Кейін екеуі сол Викторға келеді.Сондағысы Рид өзінің жоспарын айтады.Оның арманы бар екен.Ғарышқа ұшып,ерекше бұлтты көру.Сонымен жаңалық ашу.Бірақ ол үшін Виктордың ақшасы мен одан ұшақ керек.Виктор сыныптасы еді.Бір кезде бұл жерге Сьюзи келеді.Ол Ридтің бұрынғы сүйіктісі.Ол да бұлармен бірге ғарышқа баратын болады.Виктор болса бәріне келіседі.Алайда ол жаңалықтан табатын табыстың 70 пайызын алатын болады.Осыған келіссеңдер кеттік дейді.Рид жақсы деп келіседі.Кейін Сьюзи үшеуі лифтке кіреді.Ол жерде Сьюзи Бэнге қарап,қасыңа екінші пилотың болады.Менің інім Джони дейді.Джони дегені өзі қыздарды жақсы көретін мачо еді.Бэн кішкене оны жақтырмайды.Осылайша бәрі киімдерін киіп,ұшуға дайындалады.Ғарыш әлемінде олар ғаламның әдемілігін көреді.Артынан Бэн скафандар киіп сыртқа шығады.Ал қалғандары болса іште қалды.Виктор болса осы уақытта Сьюзиге сөз салмақшы болып жүзігін дайындайды.Рид болса компьютерден,арнайы бұлттың өте тез келе жатқанын көреді.Әлі де 7 сағат бар деп ойлап еді.Бірақ 9 минут қалыпты.Ол жүгіріп барып,Викторға ескертеді.Олар қарайды.Шынымен солай екен.Түрлі түсті бұлттардың бері келе жатқанын көреді.Виктор өзін ойлап,барлық жерді жаба бастайды.Сьюзи болса сыртта Бэн қалды дейді.Бәрі іштегілер Бэнге тезірек ішке кір дейді. Бірақ Бэн үлгермейді.Жаңағы ультра түсті бұлт бұларды жаулап алады.Әрбірі өздеріне осы бұлттың қуатын алады.Бәрі есінен танып қалады.Бэн есін жияды.Джони тағы да оны мазақтап отыр.Бәрі жерге келіпті.Рид болса шашының кейбір жерлерінің ағарғанын көреді.Ол палатада жатқан Сьюзиге барады.Ол әлі де ұйықтап жатыр еді.Содан оған гүл қойып кетеді.Виктор болса өзінің басшылығында отыр.Әлгі басекеңдер,оған қаржылай көмек беруді тоқтатқысы келеді.Керекті зерттемелеріңіз болмады.Саған бір жұма уақыт беремін дейді.Джониді медбике тексеруде.Оның бойында ыстығы аса жоғары болады.Бірақ Джони бұны түсінбейді.Кездесейік деп медбикені шақырады.Бэн мен Рид сөйлеседі.Олар өздерімен не болғанын түсінбейді. Бэн болса Ридті Сьюзиге қосқысы келеді.Джони медбикемен тікұшақта ұшып бара жатыр.Олар шаңғы теппекші.Бір кезде Джони от болып лаулап жана бастайды.Сосын қарды ерітіп шұңқыр жасайды.Медбике қыз келіп таңғалады.Бэн болса Рид пен Сьюзиді бір бірімен жолықтырады.Тамақтанайық дейді.Ал енді әр жақта Виктор да өзінің бойынан қасиеттер байқайды.Ол заттарды қозғалта алады.Мейрамханада үшеуі тамақтанып отыр.Бір кезде Бэннің іші ауырып жата тұрамын деп кетіп қалады.Ал Рид пен Сьюзи жекеше сөйлеседі.Екеуі бір бірінің қателіктерін еске алып сөйлеп жатқанда,Сьюзи көрінбейтін кейіпке ауыса бастайды.Рид таңғалады.Сьюзи байқамай бөтелке түсіргенде,резеңке секілді қолы созылып Рид бөтелкені ұстап алады.Осыдан бұлар,өздерімен бірдеңе болғанын түсініп білмекші болады.Дәл сол кезде Джони де келеді.Олар енді Бэннің бөлмесіне кірмекші болады.Бірақ есігі жабық.Әр жақта Бэннің айқайы естілуде.Сол кезде Рид қолын есіктің астына кіргізіп,ішкі жақтан бөлменің есігін ашады.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар

Чтобы скачать видео "4 АДАМ ҒАРЫШҚА барып ЕРЕКШЕ КҮШКЕ ИЕ БОЛЫП ҚАЙТАДЫ |Фантастическая четверка 2005 фильм | Кино шолу" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ