Криминалисттің күнделігі №2/Өз анасын өлтірген қыз бен жігіт
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Криминалисттің күнделігі №2/Өз анасын өлтірген қыз бен жігіт
61 | 3 год. назад | 2 - 0
Криминалисттің күнделігі №2
Өз анасын өлтірген қыз бен жігіт
Оқиғаның қалай болғанын бүгін сіздермен бөлісетін боламын.
14 сәуір 2022 жылы сағат 21:00-де қыз жігітін өз үйіне шақырып, шағын жөндеу жұмыстарын жасап беруді сұрайды. Жуынатын бөлмедегі бұрандаларды ауыстыру керегін айтады.
Арада бір сағат өткен соң шамамен 23:00-де үй жұмыстарына көмек көрсету үшін қыздың жігіті келеді.
Біраздан соң қыздың жігіті үй иесімен кекілжіңге келіп қалады.
Ішімдік ішкен әйел жігіттің қызымен арадағы қарым-қатынасын құптамайтынын олар бірге болмайтынын жеткізген. Дау арты төбелеске ұласқан.
Әйелдің қолында пышақ болған, тартыс кезінде жігіт әйелдің қолына тап беріп, пышақтың жүзін айналдырып, әйелдің кеуде тұсына сұғып алған.
Ол мұнымен қоймай, әйелді қылқындырып, оны еденге жұлқылап құлатқан. Сонан соң жігітке қыз көмекке келіп, анасының денесінен пышақты суырып алып, бірнеше рет сұққан.
Осыдан кейін олар марқұмның денесін балконға шығарып, иіс шықпауы үшін оған сірке суын мен соданы құйып отырған.Бөлмедегі айғаты дәлелдерді қоқыс жәшігіне апарып тастаған.
Қыз бен жігіт түк болмағандай пәтерде кино көріп, көңіл көтеріп отыра берген.
Сол пәтерде төрт күн болады, қыз мектепке өзінің ауырып жатқанын айтса, ал жас жігіт колледжден қоңырау шалған кезде телефонды көтермеуге тырысқан. Төртінші күні екеуі сөйлесіп, ақылдаса келе ағасына бәрін айтуды жөн санайды.
Оқиғаны қалай болғанын білген ағасы оларға бірден полицияға баруға кеңес береді.
Енді жас жігіт барлық жауапкершілікті өзіне алып отыр. Айыптаушы тарап оқушы қыздың анасына да талай рет пышақ сұққанын алға тартып, оны да соттамақ.Сот залында жігіт былай деді:
"Қызымның анасын өлтіру ойымызда да болмаған, ондай ойыңа да кіріп-шықпайды ғой. Мен қарапайым өмір сүріп жаттым әрі қызыммен бақытты өмір сүргім келді. Мен Көкшетауда туып өскенмін, мектепті үздік бітірдім. Менің ата-анам жақсы, олардың қарым-қатынасы керемет болды, менің отбасым осындай болса деп армандадым.
Соттан бізді ұзақ жылдар бойы ажыратпауға мүмкіндік беруін сұраймын. Мен қайғылы жағдайдың ауыр екенін ұғып тұрмын және сот қандай шешім шығарса да, мен қызыма үйленемін. Осыған көмектессеңіз деген өтінішім бар", – деп сөз соңын сотталушы аяқтады.Сол кезде Қыздың жауабы былай болады.
"Бірде ол мені жастықпен тұншықтырды, мен мүмкіндігінше ауа жұтып, өлі болып көріндім. Мен 7 жасымда ішімнің алдына пышақ ұстатып: сені де, өзімді де бауыздап тастаймын, бірге өлеміз деді. Мен анамнан бұлай етпеуін өтіндім, өмір сүргім келетінін айттым.
Мені жек көретін, тіпті балалар үйіне апарғанын айтты, түсік жасатқысы келгенін де айтты. Мен жай ғана анасымен қызы сияқты сөйлескім келді, тіпті жұмысқа тұрғым келді. Ол қарғыс айтты, бірақ мен оны үнемі тыңдайтынмын", - деп еске алды мектеп оқушысы.
Қыздың әкесіз өскені, оны көрмегені белгілі болды. Марқұм анасы балалар үйінің тәрбиешісі болған.
Судья Алтынбек Сабыров сотталушы А.Көлжанды Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал сотталушы А.Сарина Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Чтобы скачать видео "Криминалисттің күнделігі №2/Өз анасын өлтірген қыз бен жігіт" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ