Бұл қалада тек ЖАНУАРЛАР БИЛІК жүргізеді | Зверополис 2016 мультфильм | Кино шолу
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Бұл қалада тек ЖАНУАРЛАР БИЛІК жүргізеді | Зверополис 2016 мультфильм | Кино шолу
51, 504 | 3 мес. назад | 848 - 0
Бүгін біз 2016 жылы шыққан "Зверополис" деген мультфильмге шолу жасаймыз.Достар,бұл мультфильм ұнаса лайк басыңыздар,ұнамаса коммент жазыңыздар. Ондай болса кеттік...
Жолбарыс кішкентай көжекке шабуыл жасамақ болады. Сөйтсе,Джуди деген кішкентай көжек сахнада көрермендерге қойылым қоюда.Бұрынғы кезде бәрі бір біріне шабуыл жасаса,қазіргі заманда бүкіл жануарлар бір бірімен дос болып келеді дейді.Сахнада Джуди өзінің полиция қызметкері болғысы келетінін көрсетеді.Содан іс шара біткесін,Джуди ата анасына да осы арманын айтады.Содан бір кезде Джуди алыстан бұзық түлкіні көріп қалады. Басқа жануарларға тиісіп тұр екен.Джуди барып араласады.Түлкіге қарап,тиіспе оларға деп қояды.Бірақ түлкі өзінің мықты екенін көрсетеді.Бүгінгі қойылымда кезінде біздердің жыртқыш болғанын айттың ғой.Біліп қой,дәл солай,менің алдыма енді кедергі болма дейді.Осыдан кейін Джуди спорттық жаттығуларды жасай бастайды.Бокста тіпті өзінен он есе үлкен сусиырды жеңеді.Біраз уақыт өтіп,қаланың әкімі Арыстан мырза Джудиге арнайы мадақтама айтып,полиция бөлімшесіне қабылдайтынын айтады.Джуди мәз болып қалады.Қайта ата анасының көңіл күйі түседі.Себебі осы ауылдан кетіп қалаға бару керек болады.Артынан Джуди өзінің ата анасымен қоштасып,Зверополис деген жерге пойызбен аттанады.Қаланы көріп Джуди тамсанып қарайды.Содан кейін жеке бөлме жалдайды.Келесі күні полиция бөлімшесіне келеді.Ол жерде кіре берісте томпақ леопард қарсы алады.Әлде геопард па?Екеуінің біреуі.Ол пончик жеуді жақсы көреді.Джуди болса жиналыстың қайда өтетінін сұрайды.Содан Томпақ көрсеткесін Джуди керекті кабинетке келеді.Әр түрлі жануарлар отыр екен.Бір кезде бастығы Бұғы жетіп келеді.Екі жануарды жұп едім,оларға тапсырма береді. Бірақ енді Джудиге көліктердің айыппұлын қадағалайсың дейді.Джуди бас кезінде қарсыласса да,бірақ амал жоқ.Сол жұмысты қабылдайды.Содан Джуди көліктерге айыппұл салып жүргенде,күдікті бір түлкіні көріп қалады.Ол дүкенге кіріп бара жатыр.Ерінбей сол түлкінің артынан еріп барады.
Қараса ол түлкі кішкентай бір жануарға туған күніне балмұздақ алып бермекші.Бірақ сатушы пілдер осы жерден кет деп рұқсат бермейді.Сонда Джуди араласып,түлкіге көмектеседі.Әлгі сатушы пілдерге қарап,мен қазір тазалықты шақырсам,сіздерге айыппұл салынады.Себебі сіздер тазалықты мүлдем ұстанбайсыңдар.Сэс келсе,жұмыстарың жабылады дейді.Пілдер болса уайымдап қалады.Ақыры кейін Түлкі қасындағы жануарына балмұздақ алып береді.Сосын Джуди бәрі бір бірімен танысады.Түлкінің есімі Ник Вайл екен.Осылай ол түлкі қасындағысымен кетіп қалады.Бір кезде Джуди ол түлкінің бірдеңе жасап жүргенін көріп қалады.Сөйтсе,жаңағы балмұздақты ерітіп,одан әр түрлі формадағы кәмпиттер жасайды екен.Сосын соны сатып ақша табады.Қасындағы жануары тіпті бала емес еді,кәдімгідей есейген жануар.Осыны көрген Джуди Никті ұстап алып,сұрақ ала бастайды. Немене былықтырып жүрсің дейді.Ник болса шағын бизнес.Ақша табу үшін әр түрлі қадамдарға барасың деп қояды.Джуди ашуланып,сендер мені алдадыңдар дейді.Ник сонда,сен өзіңнің айыппұл ісіңмен айналыса берші,шамаң жетпейтін жерге басыңды сұқпа дейді.Менде бәрі заңды деп қалады.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #ҚызықтыДеректер #Ақпараттар

Чтобы скачать видео "Бұл қалада тек ЖАНУАРЛАР БИЛІК жүргізеді | Зверополис 2016 мультфильм | Кино шолу" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ