Орталық Азия әлем назарында: аймақ беделінің артуына не себеп? | Жаһан жайы
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Орталық Азия әлем назарында: аймақ беделінің артуына не себеп? | Жаһан жайы
7, 751 | 19 час. назад | 214 - 0
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Ал, бесеу ше? Бесеу бекем болса, беделі мен берекесі артады. Орталық Азияның бес елінің соңғы кездердегі ынтымағы осының айғағы. АҚШ пен Қытай бастап, Италия қостаған әлемнің басқа да алпауыт елдері Орталық Азия +1 ел форматындағы кездесулерді жиілете бастады. Неге Орталық Азияға деген әлем назары артып кетті? Аймақтың нақты лидері қай ел? Сыртқа бір жұдырық болып көрінетін бес мемлекет – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан шын мәнінде ішкі түйткілдерін қалай шешіп жатыр? Су, жарық, шекараға талас қалай реттелуде? Жалпы реттелді ме? «Жаһан жайының» осы жолғы санында дәл осы мәселелерді көтереміз.
00:00 Орталық Азия әлем назарында: аймақ беделінің артуына не себеп?
00:41 Анонс
01:55 Орталық Азия: тарихи тамырлар, қазіргі мүдделер
03:23 Тәуелсіздік алған бестік интеграциялық модельдің тиімді жолын түзумен келеді
04:33 Әлішер Тастенов: «Қазір біз Азия ғасырында өмір сүріп жатырмыз»
05:40 Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан «Мәңгі достық» туралы декларацияға қол қойып, мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін реттеп алған сәт
06:27 «Қамбар ата-1» электрстанциясы – Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның біріккен жобасы
07:30 Андрей Михнев: «Қамбар ата-1» су тапшылығы мәселесін анағұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді»
09:33 Абай Абылайұлы: «Орталық Азия елдері тең құқылы»
11:28 Орталық Азиядағы өзара ықпалдастық мәселелері
14:35 Демографиялық өсім талабы – жұмыс орындарын көбейту
16:48 Су тапшылығы: агросекторға реформа жасау қажет пе?
19:25 Орталық Азия мен үшінші мемлекеттер серіктестігі
20:19 «Орталық Азия +1» форматының динамикасы
23:00 Саясат Нұрбек: Қазақстан мен Италия ЖОО-ы арасында 58 келісім жасалған
25:09 Ауғанстан Орталық Азияның 6-шы елі бола ма?
26:32 Нуриддин Азизи, Ауғанстан сауда министрі: «Сауда дәлізін қалыпқа келтіріп жатырмыз»
29:49 Қоштасу
Біздің жобаларға жазылыңыз:
@JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform
Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
#jibekjolytv #Жаһанжайы #ОрталықАзия

Чтобы скачать видео "Орталық Азия әлем назарында: аймақ беделінің артуына не себеп? | Жаһан жайы" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ