Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері (2 секция)
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері (2 секция)
43 | 8 год. назад | 1 - 0
2017 жылдың 22 қарашасы күні ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасының "Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, "Алаш Орда" үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай "Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. (2 секция)
Конференцияның мақсаты – Шоқан Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бастап Әлихан, Міржақып, Ахмет тәрізді Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея және дін мәселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мәселесін қойды, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр.
Баяндамашылар:
1. Бейбіт Қойшыбаев - тарих ғылымының докторы
2. Бауыржан Берікұлы - алаштанушы (Ұлтты сүйдің үлгісі және Алаш қайраткерлері)
3. Заңғар Кәрімхан - алаштанушы, педагогика ғылымдарының магистрі (Діни отарлау миссиясы және Науан хазірет)
4. Хангелді Әбжанов - ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор (Алаш және ұлттық идея)
5. Данагүл Махат - тарих ғылымының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығының Бас ғылыми қызметкері (Смағұл Сәдуақасовтың оқу-ағарту саласындағы қызметі)
6. Дина Мұхамеджан - профессор, алашордашы Қайым Мұхамедхановтың ұрпағы (Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы)

Чтобы скачать видео "Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері (2 секция)" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ