Ұшалмайтын ТОТЫ ҚҰСТЫҢ керемет саяхаты | Рио 2011 мультфильм | Кино шолу
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Ұшалмайтын ТОТЫ ҚҰСТЫҢ керемет саяхаты | Рио 2011 мультфильм | Кино шолу
20, 497 | 6 мес. назад | 294 - 0
Бүгін біз 2011 жылы шыққан "Рио" деген керемет мультфильмге шолу жасаймыз.Бейнемізді басынан аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік...
Фильм басы.Қаншама құстар орманда ән салып жүреді.Бұл Рио Де Жанейро деген Бразилия елінің қаласы еді.Бір кезде құстарға шабуыл жасалынады. Арасында кішкентай тотықұс бар еді.Ол ұша алмай жерге құлайды.Содан бірнеше құстарды браконьерлер қамап алып кетеді.Содан сол құстардың арасында кішкентай біздің тотықұс та бар еді.Көлікпен жүргізуші кетіп бара жатып,тез арада қызылға тоқтап қалады.Сонда көліктің артыңғы есігі ашылып,ішінен жәшік түсіп қалады.Көлік әрі қарай кетіп қалады.Біраздан кейін жәшікті көзілдірік киген кішкентай қыз ашады. Содан бастап,бұл қыз осы тотықұсты өзінің қарамағына алады.Арада жылдар өтіп бұлар есейеді.Тотықұстың есімін Голубчик деп қойыпты.Ал енді мына есейіп кеткен әйелдің есімі Линда.Линда арнайы Голубчикке ас дайындайды екен.Осылай Голубчик өміріне риза болып мәз болып жатқанда екі құс сыртта қар лақтырып Голубчикті мазақ қыла бастайды.Екі құс әзілқойлар екен.Бір кезде осы үйге Тулио деген жігіт келеді.Мен осы елді мекенге Бразилия елінен келіп тұрмын.Бәрі осы тотықұс үшін еді дейді.Себебі,бұл тұқымдас құстың бірақ түрі қалып еді.Жақында біз Рио қаласынан екінші аналық құсты таптық.Енді біздің мақсат екеуін қосып,бұл тұқымды көбейту.Әйтпесе,бұндай тұқым құрып кетейін деп тұр дейді.Линда болса келіспейді.Мен ешқайда бармаймын,тіпті Голубчик ұша алмайды дейді.Тулио болса ол ұша алады деп Голубчикті лақтырып қалады.Бірақ тотықұс жерге құлайды.Линда ашуланып,оны үйден қуып шығады.Тулио болса ойланарсыз деп визит карточкасын қалдырады.Артынан Линда Голубчикке бұл ұсынысты айтады.Бізде амал жоқ.Тұқымды сақтап қалу үшін бару керекпіз.Біз тез қайтып келеміз дейді.Осылайша Линда мен Голубчик сол Рио қаласына ұшып келеді.Дәл карнавал болып жатқан кезі екен.Голубчик отырған жерге екі құс келеді.Голубчикпен танысып не істеп жүрсің деп сұрайды.Сонда Голубчик,мен қосағым үшін келдім деп қояды.Оған мына екі құс,кеңес айтып қояды.Сен бірінші әрекет жаса.Бразилия қыздары сенімділерді жақсы көреді деп қояды.Содан кейін бұлар Тулионың зерттемелік офисіне келеді.Қаншама құстар бар.Бәрі Тулионы жақсы көреді. Солардың арасында Найджел деген түрі қорқынышты тотықұс болады.Өтірік мүләйсініп тұр.Бірақ Голубчикке қабағын түйіп қалады.Содан бұлар Голубчикті әлгі аналық құс сақталған жерге кірзігіп жібереді.Бір кезде жаңағы құс Голубчикке атылады.Сен кімсің дейді.Голубчик болса бұл құсты ұнатып қалады.Өзінше сөйлесе бастайды.Бұның есімі Жемчужина екен.Ол осы жерден қашып кетпекші.Голубчик болса Жемчужинаға жақындамақ. Сонда Жемчужина ашулана бастайды.Тулио сол кезде музыка қосып қояды.Голубчик болса,бұл музыка әдемі екен дейді.Жемчужина болса оған атылады.Бұны көрген Тулио,бұларды жеке қалдырайық деп Линдаға айтады.Бұл жерде жеке күзетші қалады.Ол өз өзімен билеп жатқанда бір дыбыстар естіп қалады.Сөйтсе, әлгі ауру құс бейшара болып тұр.Күзеттегі жігіт оны аяп кетеді.Бірақ Найджел өтірік жасапты.Ол осы Жемчужинаны алып кету үшін жіберіліпті.Әр жақта Голубчик пен Жемчужина сөйлесіп жүр еді,кенет оларды алып кетеді.Ал енді Тулио мен Линда екеуі кафеде тамақтанып жүреді.Сол кезде қоңырау шалынып,құстардың ұрланғаны туралы хабар айтылады.Бұдан кейін Линда қатты ашуланады.Бекер келдім.Енді не істеймін дейді.Жаңағы құстарды бір жас бала ұстап алыпты. Оны белгілі бандиттарға әкеледі.Бастығы болса балаға ештеңе бермей оны жібере салады.Бұл бала істегеніне өкініп,сырттан бұл бандиттарды бақылайды.Бұл баланың ата анасы жоқ екен.Ақша үшін жасаған еді.Өзі жалғыз қайғырып отырады.Бандиттардың бастығы болса өзіне бағынатын екі жігітті құстарды қарасын деп қалдырады.Өзі кетіп қалады.Қастарында Найджел тотықұс қалады.Ал енді екі Голубчик пен Жемчужина екеуі клеткада қамаулы.Басқа да құстар бар екен.Қастарына Нико келіп, сөзбен тиісе бастайды.Найджел кейін кетіп қалғанда,әлгі екеуі клетканың ішінде шайқала бастайды.Құстарды бір біріне шынжырлап қойған еді.Клеткадан босап енді ұшпақ болғанда,Голубчик өзінің ұша алмайтынын айтады.Жемчужина таңғалады.Осылайша екеуі бұл жерден қашып,бірақ ұшпай тек жүреді.Артынан Найджел және екі бандит қуады.
Бірақ ұстай алмай қалады.Ал енді Голубчик пен Жемчужина екеуі орман жақта жүреді.Сосын бір талдың үстіне мінін сонда демалады.Линда мен Тулио екеуі құстардың суретін іліп іздеу салады.Бұны көрген жаңағы бала бірден Линдаға барады
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#Киношолу #Рио2011

Чтобы скачать видео "Ұшалмайтын ТОТЫ ҚҰСТЫҢ керемет саяхаты | Рио 2011 мультфильм | Кино шолу" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ