АБДУЛХАМИД СЕРИАЛЫНА ШОЛУ ! БІРІНШІ БӨЛІМІ | Права на престол Абдулхамид 1 серия
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
АБДУЛХАМИД СЕРИАЛЫНА ШОЛУ ! БІРІНШІ БӨЛІМІ | Права на престол Абдулхамид 1 серия
3, 119 | 10 мес. назад | 206 - 0
Бұл сериал Осман империясындағы Абдулхамид 2 сұлтанның өмір баяны туралы түсірілген. Жалпы сериалдағы оқиғалар бәрі шын оқиғалардан
құралады.Егер сіздер қазіргі еврей халқының қалай мықты болып кеткені туралы шындықты білгілеріңіз келсе,онда осы шолуымызды басынан
бастап аяғына дейін көріңіздер! Бұл өте маңызды! Ендеше кеттік...
Кино басында Абдулхамид хан атарбамен кетіп бара жатады.Халық деген бәрі айқайлап жатыр.Кенет әскердің жартысы бұрылып қалып қаруларын
тоса бастайды.Енді бізге басынан бастап көрсетіледі.Абдулхамид хан таққа отыру үшін дайындала бастайды.Өзінің әдемі киімдерін киіп,салтанатты
жиынға келеді.Бұл жерде әр түрлі елшіліктің адамдары жүр.Абдулхамидке сенімді пашалар мен сатқын пашалар да бар.Артынан қаланың имамы
Абдулхамид үшін дұға жасайды.Осыдан кейін біз маңызды фигураны көреміз.Бұл Теодор Герцл. Ол өзінің әкесін қараңғы бөлмеге қамап,байлап
қойыпты.Әкесі деген баласына ашулы.Мен сенің шақырып жатқан сеніміңе кірмеймін.Мен Мұсаның әкелген дініне сенемін дейді.Ал сен болсаң,
адамдарды өлтіретін дінді ұстанасың деп қалады.Теодор Герцл кетіп қалады.Абдулхамид өзінің жұмыс істейтін бөлмесіне келеді.Өзі қол шебер еді.
Ағаштардан неше түрліні жасайды.Оның қасында ең сенімді Тахсин деген пашасы болады.Енді Мекке қаласына дейін теміржол салынды.Соған
Абдулхамид қол қояды.Келесі күні Абдулхамид таңғы асқа отырады.Оның Бидар деген әйелі бар.Абдулькадир деген кіші ұлы және Хатидже деген
қызы болады.Ал газеттерде Абдулхамидті жамандаған мақалалар шығуда.Абдулхамид болса,мен туралы олар айта берсін,алайда олар біздің елді,
біздің халифатты жамандауда дейді.Кейін біз Сабахаддин деген Абдулхамидтің жиенін көреміз.Оның әкесі Махмуд паша.Осы екеуі де Абдулхамид
жүргізген саясатты жақтамайды.Олардың ойынша,осман халифаты ескерді.Қазір бәрі Еуропа сияқты болу керек дейді.Махмуд пашаның әйелінің
есімі Сениха.Яғни ол Абдулхамидтің қарындасы.Омер деген қарапайым жігітті көреміз.Былайша елдің патриоты.Жаны таза жігіт.Зейнеп деген бір
қыз осы Омерге ғашық екен.Газеттегі жаңалыққа сеніп,Махмуд паша сұлтанға келеді.Мүмкін әзірше темір жол салу идеясын тоқтата тұрайық.Олар
біз туралы айта береді ғой дейді.Абдулхамид хан жәй жеңіл отырады.Менің армандағаным бойынша жасасақ,еуропа ешқашан біздің жерімізге
жақындай алмайды дейді.Сабахаддин болса әлгі газет оқып отыр.Сабахаддинің ойына тіпті Абдулхамидтің ұлы да қосылады.Сабахаддин жаңа ел
құрғысы келеді.Ешқандай шариғатсыз ел,адамдар еркін жүреді дейді.Алайда бұның бәрі сол Еуропаға еліктеу еді.Махмуд паша болса басқа бөлмеге
келеді.Ол жерде де екі паша жүр.Біреуі сол Бидар хатунның бауыры еді.Омер темір жол қасында адамдарды күтіп тұрады.Атарбасы бар.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #абдулхамид

Чтобы скачать видео "АБДУЛХАМИД СЕРИАЛЫНА ШОЛУ ! БІРІНШІ БӨЛІМІ | Права на престол Абдулхамид 1 серия" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ