Кітаппен сусындаған Көкпекті жұртшылығы – ұлт руханиятының берік тірегіне айналуда
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Кітаппен сусындаған Көкпекті жұртшылығы – ұлт руханиятының берік тірегіне айналуда
37 | 5 мес. назад | 4 - 0
Тарихы терең Толағай тауының баурайында орналасқан Көкпекті ауданы – мәдениет пен руханиятты ұлықтауда ерекше үлгі көрсетіп келе жатқан өңір. Аудан тұрғындарының кітап оқуға деген құштарлығы – ел арасында көпке үлгі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында кітапхана ісінің маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.
«Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді Президент.
Президенттің осы сөзін Көкпекті ауданындағы кітапханалар іс жүзінде дәлелдеп отыр. Аудандық кітапхана бүгінде әр жастағы оқырман үшін рухани ортаға айналған. Мектеп оқушылары мен жастардан бөлек, ардагерлер мен ақ жаулықты әжелер де кітапханаға жиі бас сұғып, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдырған.
Солардың бірі – 93 жастағы Айпқазы Ахметкалиев. Кітапханашы мамандығын игерген ақсақал бүгінде 10 бала, 30 немере және 20 шөберенің ардақты атасы. Ол аудандық кітапхананың 30 жылдан астам тұрақты оқырманы. Соңғы оқыған кітабы – Қабдеш Жұмаділовтің әйгілі «Соңғы көш» романы.
Сондай-ақ, аудан кітапханасының тұрақты оқырмандарының бірі – белгілі жазушы әрі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың шәкірті Бейсен Аханов. Қаламы қарымды ақын кітапхана сөрелерін 100-ге жуық кітабымен толықтырған. Оның бірнеше авторлық жинақтары жарық көрген.
Көкпекті жұртшылығы үшін бұл – үйреншікті жағдай. Себебі мұнда кітапханаға келетін оқырман саны жылдан-жылға артып келеді. Аға буын өкілдері кітап оқу мәдениетін кейінгі толқынға үлгі етіп, рухани мұраның жалғасуына шын ниетпен атсалысуда.
#Кітапхана #Көкпекті #АбайОблысы #Толағай

Чтобы скачать видео "Кітаппен сусындаған Көкпекті жұртшылығы – ұлт руханиятының берік тірегіне айналуда" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ