Титаник фильмі қалай түсірілді? | Титаник фильмі туралы қызықты ақпараттар | Кино шолу
- Видео
- О видео
- Скачать
- Поделиться
Титаник фильмі қалай түсірілді? | Титаник фильмі туралы қызықты ақпараттар | Кино шолу
40, 076 | 1 год. назад | 627 - 0
1997 жылдың 17 желтоқсанында "Титаник" фильмі жақыққа шықты.Түсірілімнің өзіне 200 млн доллар жұмсаған.Ол уақытта бұндай ақша рекорд
болып саналған.Бұл фильм 11 оскар мүсінін алыпты.Бұл оқиға шынымен де 1912 жылы болыпты.Осыған орай фильмнің режиссеры Джэймс
Камерон,осындай керемет фильмді түсіруді ойлапты.Жоспар,сол 1987 жылы басталған еді.Титаник туралы деректі фильм көргеннен кейін Джэймске
осындай фильм түсіру ойы келеді.Ол жылдары Джэймс Камерон терминатор киносымен жүрген еді.Тек 1993 жылы осы фильмнің проектісіне мән
бере бастайды.Істің басы "Титаник" туралы кітап оқудан басталады.Осылайша өзінің фильмінің керемет шығуына ерекше мән беріп,Джэймс Камерон
мүхиттарды зерттей бастаған.Режиссердың бауыры инженер болғандықтан,судың астына да камера орнатуға көмектеседі.Джэймс Камерон Америкаға
келген соң,осы фильмді толықтай түсіремін деп продюссерлерге айтады.Ол уақытта фильмнің соңғы бөлімі,кеменің соғылған жері анимациялық
түрде дайын болған.Міне 1996 жылдың 16 қыркүйігінде Джэймс Камерон "Титаник" фильмін түсурге кіріседі.Фильмге бұндай ақша бөлінгендіктен
Джэймс Камерон фильмдегі рөлдерге тура келетін актерларды іздеген.Алғашқыда басты рөлге Мэтью Макконихэнды алыпты.Бірақ Джэймс Камерон
оны қабылдамады,себебі Мэтьюдің жасы үлкен еді.Келесі актерлар Том Круз бен Кристиан Бэйл еді.Бірақ Джэймс Камерон олардан бас тартып,
Леонардо Ди Каприоны таңдап алған.Бұл кезде Джэймс Камерон Леонардо Ди Каприоны көре салып көп ойланбай қабылдаған.Дәл сондай оқиға
екінші басты кейіпкер Кэйт Уинстлинмен де болған.Қаншама актрисалардың ішінен Кэйт өтіп кетеді.Түсірілім үшін арнайы жаңа студия жасалынады.
Бұл Мексика қаласында.Үлкен бассейнге алып кеменің макетін қойған екен.Қайта түсірілімге арналған кеме түпнұсқадағы кемеге ұқсамаса да ,бұл
фильм дегенмен түсірілді.Қызық жәйт,кеменің кейбір бөлшектерін компьютермен салған.Кеменің жүзіп шыққан жерін компьютермен арнайы студия
жасапты.Кішкентай кемені алып,монтаж кезінде үлкейткен.Сонымен қатар,жасыл экранда адамдардың кемені шығарып салған жерін жасаған.Ал енді
қалғандары суретке салынған.Мысалы,су құстың ұшқаны және кеменің түтіндері.Ең қымбат бюджет талап еткен жері,ол алып кеменің әдемі болып
атлант мұхитында кетіп бара жатқаны еді.Айтпақшы тағы да қосымша көмек ретінде,басқа да кеме катерлерді түсірген.Сосын кеменің қозғалысын
монтаж кезінде кмпьютер арқылы керек жеріне қоя салған.Жалпы киноны түсіру үшін кеменің 4 нұсқасы яғни копиясы жасалыпты.Сол кемелердің
бірін фильмнің соңғы жерінде екіге қақ бөлген.Киноның арнайы эффектісіне жауап беретін студия,бұл киноның күшті шығуына өте қатты мән
берген.Сондықтан да бұл фильм керемет болып шықты.Фильмнің соңында кеме суға батқанда арнайы эффектер қолданылады.Яғни,компьютерде
кейіпкерлердің модульдары салынған еді.Бұл эффектер актерлардың шынымен суға батып кетіп бара жатқанын көрсеткен.Бұл процесте 40 қа жуық
адам қатысады.Ал енді киноның түсілімі кезінде 1000 нан астам адамдар болыпты.Айтпақшы Джектің Розаны ұстап кеменің ұшында тұратын жерін
білесіздер ғой.Ол жерде Джек пен Роза екеуі шынымен жасанды кеменің үстінде болған,ал енді жан жағы жасыл фонда түсірілді.
Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа!
#КиноТуралы #титаник #Титаник1997

Чтобы скачать видео "Титаник фильмі қалай түсірілді? | Титаник фильмі туралы қызықты ақпараттар | Кино шолу" передвинте ползунок вправо
- Комментарии
Комментарии ФБ